"Адамның бір қызығы бала деген", - деп Абай атамыз айтқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Балалық шақ- адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сол себепті балалардың тұрмыстық зорлық- зомбылықтың құрбаны болудан, еңбектің ең нашар түрлеріне тартылуын алдын алуға байланысты отбасы құндылықтары мен бала құқығы туралы " Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн" атты республикалық акциясы әлі де жалғасуда. Құрметті ата-аналар! Жаз мезгіліндегі балалардың өмір қауіпсіздігін ерекше назарда ұстаңыздар! Жазғы демалыста көптеген жасөспірімдер жұмыс істеп, ақша табуды ойлайды. Бала құқығын қорғау кез келген қоғам үшін ең маңызды мәселе. Сондықтан, балалар құқығы мен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс.