МАМАНДЫҚ ТАҢДАУШЫҒА ЖАДЫНАМА
Мамандық таңдау - өміріңдегі қиын және жауапты қадам. Болашақ мамандығыңды мұқият таңдау қажет. Кәсіпқой мамандардың ақпараттарын пайдалан. Мамандықты ойланып, қабілетіңді ескеріп таңдау қажет.
Осы мақсатта:
• өзіңді терең зерттеп, қызығушылықтарыңды, мінезіңдегі ерекшеліктерді, мүмкіндіктеріңді анықта (сені не қызықтырады, қандай мамандық ұнайды).
• Өзіңнің күшті және әлсіз жақтарыңды ойла.
• Өзіңнің қызығушылықтарың мен қабілетіңе сай келетін мамандытармен таныс. Көбірек кітап, мақалалар мен журналдар оқы. Алдын ала таңдаған мамандықты немесе соған ұқсас мамандықтарды белгілеп қой.
• Таңдаған мамандықты алып шығуға болатын оқу орнымен таныс.
• Таңдап алған мамандықтың сипатымен өзіңнің жеке қасиеттеріңді салыстырып көр.
• Шешім қабылдаған болсаң, қиындықтардан мойыма. Алға қойған мақсатқа жету үшін табандылық таныт.