Мектебімізде «Адал Ұрпақ» жобасының шеңберінде парасаттылық мектебі құрылып, жұмыс жасауда.
Ұйымда 10 бала мүшелік етеді, ұйым құрамында 5,8 сынып оқушылары. Парасаттылық мектебінің жұмысын аға тәлімгер Исатай А.С. жүргізеді. «Адал Ұрпақ» жобасының шеңберінде құрылған парасаттылық мектебінің негізгі міндеттері:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша
бастамаларды көтермелеу;
3.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс – шараларды ұйымдастыру; Қыркүйек айындағы алғашқы отырыс мектептің аға тәлімгері
Исатай А.С-ның жоспарлауымен өтілді. Отырыста 2018-2019 оқу жылында атқарылған іс –шаралардың есебі беріліп, ұйым мүшелерімен талданды. 2019 – 2020 оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалынды.
Қыркүйек айында 8-сынып оқушыларымен «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – басты парызымыз» атты практикалық сабақ өтті.Қамтылған бала саны 5.
Қазан айында «Қоғамдық тәртіп негіздері» атты пікірталас өтті.Қамтылған бала саны 10 оқушы.