"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі" КММ
КГУ" Основная средняя школа имени Ы.Алтынсарина села Иглик отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!" ұранындағы маңызды бас қосу

09.06.2023

12- маусым дүниежүзілік бала еңбегін қанауға қарсы күн ретінде халықаралық күнтізбеге тіркелген. Қазіргі таңда бала еңбегін пайдалану проблемасы ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бала еңбегін қолдану дерегі көбіне адамдардың бұл мәселе жайында хабары болмауымен, ауыр еңбектің баланың дамуына тигізер зиянын білмеуімен сипатталады. Жаз болса бірден баласын жұмысқа орналастырып қоюды көздейтін ата-аналардың қоғамда бары анық. Осыған байланысты жыл сайын республикамызда 1-12 маусым аралығында "Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн күрес" ұлттық ақпараттық науқаны ұйымдастырылады. Осы шараға байланысты біздің білім ордасының ұжымы ата-аналармен "Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!" ұранындағы маңызды бас қосуға жиналды. Басты мақсат - бала еңбегін заңсыз пайдалануды болдырмау, балалардың тұрмыстық зорлық пен зомбылықтың құрбаны болудан, отбасы құндылықтары мен бала құқығы туралы, балаларды еңбек қанауына тартудың алдын алу бойынша оқушылар мен ата-аналар, жұмыс берушілер арасында түсіндірме және ақпарат - насихат жұмыстарын жүргізу.

Просмотров: 258


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст