Текст
2023 жылдың 31 мамыр күні мектебімізде сабақ кестесіне сәйкес 1-8 сыныптарда сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқу жылының қорытындысын шығару, жазғы демалыс кезеңіне балаларды дайындау. Сынып сағаттарында негізінен патриотизм, Отады сүю, достық, татулық сынды ақпараттар айтылды. Сондай-ақ, сынып сағаттарында жазғы демалыс кезінде оқу үшін кітаптар тізімі, оқушыларға жазғы қауіпсіздік шаралары туралы ескертіллді. Балалапдың қолына судағы тәртіп ережелері, өрт қауіпсіздігі туралы жадынама таратылып берілді. Жазғы демалыс кезінде қосымша білім беру ұйымдарына қатысудың тиімділігін, еңбек етудің пайдасын, ата-аналарға, ата-әжелеріне көмектесудің қажеттілігі туралы айтылды.