Текст
2023 жылдың 20 сәуір күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде "Қазақ тілі мен әдебиет: Дарынды оқушыларды оқытудағы нормалық талаптар мен бағалау деңгейлерінің мәселелері" атты республикалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: Дарынды баллардың ғылыми-шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу. Осы семинарға біздің мектебімізден қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Хайдаров А.С. қатысып, тақырыпқа сай баяндама дайындады. Семинардың соңында семинарға қатысушы мұғалімдер сертификат иеленді.