Текст
Мектебімізде 2023 жылдың 10 қаңтар мен 27 қаңтар аралығында дәстүрлі "Шаңғы шақырады" қысқы фестивалі өткізілді. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, шаңғы спортын дамытуға бағытталған. Шаңғы спорты адамның бойындағы шыдамдылық, күш шапшаңдық, ептілік, табандылық, айналаңды бақылау сияқты аса керек қаситтерді жан-жақты дамытады. Аталған іс-шараға мектеп оқушылары белсене қатысты.