Текст
Психологиялық қызметтің жұмыс жоспарына сәйкес мектеп психологы Бигужанова Р.С буллинг және кибербуллинг бойынша алдын алу іс-шарасын өткізді. Іс-шара барысында буллинг пен қақтығыс арасындағы негізгі ұғымдар мен айырмашылықтар, буллингтің салдары, буллинг пен кибербуллинг құрбандарына психологиялық қолдау және көмек көрсету қарастырылды. Іс-шара соңында білім алушыларға буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша сауалнама алынып, ұсыныстар берілді.