Текст
Құрметті ата-аналар!
Балаларға назар аударыңыздар! Мұзға шығу қаупі туралы айтып беріңіздер! Балаңыздың бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытыңыз. Күзгі-қысқы кезеңде балалардың су айдындарында жүруіне жол бермеңіз. Әсіресе, мұздағы ойындар қолайсыз. Балалардың ұқыпсыз мінез-құлқы, қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін білмеу және елемеу қайғылы жағдайларға әкеп соғады және қайғылы салдардың түпкі себебі болып табылады.
Сақ болыңыздар!