Қазақстан Республикасы Оқу- ағарту министрлігі аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындығы оқушыларға жетім балалар мен ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және балалар жылында іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткізеді.
Ағымдағы жылы бұл әлеуметтік бағытталған Министрліктің бастамасы «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізіледі.
Есіл ауданыңда «Мектепке жол» акциясы 2022 жылдың 1 тамызынан басталады.
Акция барысында көмек бюджеттен тыс қаражат есебінен көрсетіледі.
Бизнесмендерден кәсіпкерлерден және барлық жанашыр адамдардан акцияға қатысуды және балаларға кеңсе тауарлары, рюкзактар, спорттық киім, мектеп формасы, аяқ киім және т.б түріңде көмек сұраймыз.
Әрбір мектепте азаматтардың өтіңіштеріне жауап беру үшін «Қызу желі» қызметі жұмыс істейді. Барлық сұрақтар бойынша Сіз Есіл ауданы бойынша білім бөліміне 51-01-6 нөмірі бойынша, сондай- ақ мектептерге хабарласа аласыз.