Текст
9 мамыр - Жеңіс күні - ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі.
1945 жылдың 9 мамыры... Жылдан жылға алыстап бара жатқан мерзім.
Қасиетті де қастерлі Отан үшін жанын пида еткен ардагерлерімізді жыл сайын еске алып, олардың рухына тағзым ету - біздің, кейінгі ұрпақтың, ең басты парызы.
Осы мақсатта 9 мамыр Жеңіс күні мектеп оқушылары мен ұстаздары, ауыл әкімі Шайхистанов Н.Ж. қатысуымен ескерткіш алаңында қадірлі ардагерлерге арнап гүл шоқтарын қойды.