Текст
Бар білімнің анасы, бар кітаптың данасы-Әліппе. 2021 жылдың 29 желтоқсан күні мектебімізде «Қош бол сүйікті Әліппе!» атты Әліппемен қоштасу ертеңгілігі өтті. Мерекелік іс-шара барлық санитарлық талаптарды орындай отырып өткізілді. Сынып іші әсем безендірілген, тақтаға ілінген көрнекіліктер де көз тартатындай көрнекті болды. Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне ерекше дайындықпен келген бүлдіршіндердің көңіл-күйлері де ерекше. Оқушылар әліппеге мың алғыс білдіріп, ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Ертеңгіліктің соңында 1-сыныптың жетекші мұғалімі Байжумина А.Х барлық оқушыларына құттықтау лебізін білдіріп, әр оқушыға өзінің дайындаған алғыс хат пен сыйлықтарын табыс етті.