"Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының Ы.Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі" КММ
КГУ" Основная средняя школа имени Ы.Алтынсарина села Иглик отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеуметтік желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Өзін-өзі бағалау ШО

15.10.2024

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРАМАСЫНЫҢ ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ "ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҢЫ ИГІЛІК АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ

 

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы.

1.Білім беру ұйымының толық атауы

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2.Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекенжайы және нақты орналасқан жерінің мекенжайы):

021212, Қазақстан, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Игілік ауылы, Мектеп көшесі 10 

3. Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web-сайт):

жұмыс телефоны: 8(71632)51655

эл.пошта: iglikshool@mail.ru 

сайт: http://sc0009.esil.aqmoedu.kz/

4. Құқық белгілейтін және құрылтай құжаттары:

Заңды тұлғаны мемлекетік қайта тіркеу туралы анықтама 15.01.2021 ж.

БСН 990340007438

http://sc0009.esil.aqmoedu.kz/adminauth

5. Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі):

Мектеп директоры: Нурмагамбетова Бахытгуль Сахаровна тел: 87054264500, Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің  «Игілік ауылының Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің директоры қызметіне 2023 жылғы 28 тамыз № 45  бұйрығымен тағайындалған. (лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі қоса беріледі)

 

6. «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі «Игілік ауылының Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жарғысы, Ақмола облысы әкімдігі 2021  жыл 5 қаңтар №А-1/3

(заңды тұлғаны қайта тіркеу туралы анықтама және жарғы қоса беріледі).

 

7. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама № KZ69RVK00009818, 25.03.2016 жыл.

 

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын бағалау критерийлері

Мектебімізде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мектеп алды даярлық сынып және «Балдәурен» шағын орталығы бар. Шағын орталық мектеп ғимаратының ішінде, бірінші қабатта, оң қанатта орналасқан. Шағын орталықта жатын бөлме, ойын бөлме, тамақтанатын ас бөлме, жуынатын бөлме мен дәретханасы бар. Шағын орталықты жылыту, энергиямен жабдықтау және сумен жабдықтау ортақ жалпы мектеппен бірге бір жүйеде  жабдықталған. Ғимараттың санитарлық-техникалық жағдайы қанағаттанарлық.

Топтық бөлмелер өсімнің жасына байланысты даму көрсеткіштеріне сәйкес таңдалған және мектепке дейінгі ұйымның жабдықтарына қойылатын санитарлық-гигиеналық және өртке қарсы талаптарды ескере отырып, қажетті балалар жиһаздарымен жабдықталған.

«Балдаурен» шағын орталығы әр түрлі жастағы топтармен жұмыс істейді.

2022-2023 оқу жылында ортаңғы топта 4, ересек топта 6  , мектеп алды даярлық тобында 3 тәрбиеленуші болды

.

2023-2024 оқу жылында ортаңғы топта 2, ересек топта 3, мектепалды даярлық топта 6 бала тәрбиеленді.

2024-2025 оқу жылында ортаңғы топта 2, ересек топта 3 бала тәрбиеленіп жатыр.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бйынша тәрбиеленушілер тізімінен аз қамтылғандар жоқ, жетім балалар жоқ,  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар жоқ.

1) оқу жұмыс жоспарлары мен ұйымдастырылған қызметтің Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының (бұдан әрі – ҮОЖ) талаптарына сәйкестігі; Бағаланатын кезең үшін білім беру ұйымының басшысы әзірлеген және бекіткен жұмыс оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі;

 

2023-2024 оқу жылында шағын орталықта тәрбие-білім беру процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), «Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрығының 1-қосымшасы, ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 мамырдағы № 90 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына» сәйкес қамтамасыз етілді.

        2024-2025 оқу жылында шағын орталықта 2024-2025 оқу жылының  оқу  жоспары  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.10.2018 ж.  №604  бұйрығымен (05.05.2020 ж. №182 бұйрығымен енгізілген  өзгерістер мен толықтырулар) бекітілген «Білім берудің барлық деңгейінің  мемлекетттік жалпыға  міндетті білім беру стандарттарын  бекіту туралы» мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың  мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 20.12.2012 ж. №557 бұйрығы (12.05.2020 ж.№195 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 412 бұйрығы. 

«Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2024-2025 оқу жылында  оқу процесін  ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік  нұсқау хатын негізге ала отырып құрылды. 

2024-2025 оқу жылында шағын орталықта   2024-2025 оқу жылының  оқу  жоспары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 Бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына; мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі-ТБТ) сәйкес тәрбие-білім беру қызметін жүзеге асырады (тіркелген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275); Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдары менмектепалды даярлық сыныптарында 2024-2025 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатты негізге ала отырып құрылды.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы – ортаңғы топта 15 минут, ересек топта 20 минут деп көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген). Бағаланатын кезең үшін білім беру ұйымының басшысы әзірлеген және бекіткен жұмыс оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі;

      3) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 385 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29329 болып тіркелген) бекітілген Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларын (бұдан әрі-Үлгілік қағидалар) сақтау;

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары сақталады:

Жас балалардың дамуы келесі білімдерді, дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады:

- баланың физикалық және жүйке-психикалық дамуының жас өлшемдеріне сәйкестігі; қозғалыс әрекеттерін меңгеру, ұсақ моториканы дамыту;

- сенсорлық тексеру, салыстыру, қарапайым талдау негізінде балалардың танымдық белсенділігін дамыту, олардың қоршаған заттар мен құбылыстар туралы идеяларын байыту;

- ересектермен және құрдастарымен ана және басқа тілдерде қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастыру;

- Ережеге ұқсас мінез-құлық дағдыларының болуы, қоршаған әлемді оң қабылдау қабілеті;

- музыка, өнер және басқа да өнімді іс-шаралар туралы білім негіздеріне қызығушылық.

Жас балалардың дамуы келесі білімдерді, дағдыларды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады:

- баланың физикалық және жүйке-психикалық дамуының жас өлшемдеріне сәйкестігі; қозғалыс әрекеттерін меңгеру, ұсақ моториканы дамыту;

- сенсорлық тексеру, салыстыру, қарапайым талдау негізінде балалардың танымдық белсенділігін дамыту, олардың қоршаған заттар мен құбылыстар туралы идеяларын байыту;

- ересектермен және құрдастарымен ана және басқа тілдерде қарым-қатынас жасау қажеттілігін қалыптастыру;

- Ережеге ұқсас мінез-құлық дағдыларының болуы, қоршаған әлемді оң қабылдау қабілеті;

- музыка, өнер және басқа да өнімді іс-шаралар туралы білім негіздеріне қызығушылық.

Мектепке дейінгі ұйымнан мектепке көшу кезінде сабақтастық және табысты бейімделу жоспарында бағытталған үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны бойынша да, оқу-тәрбие жұмысының әдістері, тәсілдері, ұйымдық нысандары бойынша да жүзеге асырылады. Шағын орталық пен мектептің ынтымақтастығы үш негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады: педагогтармен әдістемелік жұмыс, балалармен жұмыс Ата-аналармен жұмыс.

Ата-аналардың, балалардың, педагогтардың бірлескен зерттеу қызметін ұйымдастыру арқылы рухани-адамгершілік тәрбие бойынша білім беру процесінің сапасы артты.

Шағын орталық педагогтары рухани-адамгершілік тәрбие бойынша Әдістемелік қоржын және мектеп жасына дейінгі балаларда отбасылық құндылықтарды қалыптастыру бойынша материалды жалпылау үшін жағдай жасады.

Балаларда өз отбасына деген қызығушылық, отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды сақтау, отбасы мүшелеріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу қалыптасты.

      4) баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын мектепалды жастағы тәрбиеленушілерді оқыту нәтижелерінің болуы;

Бағаланатын кезең бойынша оқу жылында баланың даму мониторингін қамтамасыз ететін және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылатын оқыту нәтижелерінің және тәрбиеленушілердің жеке даму карталары ұсынылды. «Балдаурен» тобында балалардың жеке даму карталары әрбір сала бойынша толтырылған.

      5) тәрбиеленушілердің даму мониторингісінің (бастапқы) болуы және нәтижелерін талдау;

Балалардың даму мониторингі,  баланың біліктері мен дағдылары дамуының бастапқы, бақылау нәтижелері бойынша кестелер, даму карталары ұсынылды. «Қуаныш» ортаңғы тобы мен мектепалды даярлық сыныбы барлық тәрбиеленушілерінің жеке даму карталары ұсынылған. Жеке даму карталарында балалардың «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» салалары бойынша бастапқы, аралық және қорытынды бақылаудан кейінгі білім, білік, дағды деңгейлері көрсетілген.

      6) үлгілік оқу бағдарламасына қосымшаға сәйкес балалардың жасын ескере отырып, тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдау;

Бағаланатын кезең бойынша тәрбиеленушілердің жетістіктерін мониторингілеу нәтижелерінің (қорытынды) болуы және талдауы да ұсынылған.

Тәрбиеленушілердің білімін бағалау бойынша құжаттар келесі сілтемеде:

      10. Тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне өлшемшарттар:

      1) МДТО ҮОЖ белгіленген тәрбиеленушілердің оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптарға сәйкестігі және сақталуы.

  • оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу;
  • қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыру;
  • тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
  • мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында
  • оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету;
  • тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындау;
  • креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;

Негізгі мақсат: мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес білім, білік, дағдыларын, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, "Мәңгілік Ел" жалпыұлттық идеясына негізделген жалпыадамзаттық құндылықтарға, ұлтжандылыққа және толеранттылыққа тәрбиелеу, сондай-ақ баланың мектепте оқуға әлеуметтік-психологиялық, тұлғалық, ерік-жігерлік, физикалық және зияткерлік даярлығы.

Сондықтан,  баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру, мектепке дейінгі білім берудің сабақтастығы мен үздіксіздігі ұстанымдарын қамтамасыз ету, балалардың дене, зияткерлік, коммуникативтік, адамгершілік, эстетикалық дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру, әр жас тобында бағдарлама материалының мазмұнын игеруде балалардың дамуы мониторингін ұйымдастыру, мектепке дейінгі ұйым мен отбасының бірлескен ынтымақтастығы, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде ата-аналар қауымдастығының қажеттілігін қанағаттандыру біздің міндетіміз болып табылады.

Баланың коммуникативтік дағдыларының қалыптасуына, танымдық және әлеуметтік мотивтерінің көрінуіне, қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал ету мақсатында бағдарламаны басшылыққа алып жұмыстанамыз.

Әр саладағы күтілетін нәтижелер сабақтардағы оқу мақсаттарының жүйесі арқылы беріледі.

      11. Тәрбие мен оқыту мерзіміне қойылатын талаптар:

  1. балалардың жасын ескере отырып, жас топтарын қалыптастыру кезінде талаптарды сақтау;

Ауылдық жерде бала санының аздығына байланысты шағын орталықта тек 1 топ жұмыс жасайды. 2022-2023, 2023-2024, 2024-2025 оқу жылдарында -3 - 4-5 жастағы балалар бірге тәрбиеленеді.

      2) тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін МДТО үлгілік оқу бағдарламасын игеру бойынша талаптарды сақтау.

Тәрбиеленушіні 1-сыныпқа қабылдағанға дейін түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асырылатын "Денсаулық", "Қатынас", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеумет" білім беру салалары бойынша жұмыстар жүргізіледі. Оқытудың нәтижелері көрсеткіштер ретінде баланың даму мониторингін қамтамасыз етеді және оның жеке дамуын жоспарлаудың негізі болып табылады.

Мектепалды даярлық сыныбында денсаулық сақтау дағдыларын: гигиеналық шараларды орындауды, өзіне-өзі қызмет ету және өзара көмек көрсету дағдыларын, шынықтырудың барлық әдістерін жас ерекшелігіне сай сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, негізгі қимыл түрлерін, қимылдарды еркін меңгеріп, саналы түрде ойын ережесін сақтауды,қозғалыс әрекетінде қарапайым өзін-өзі бақылауды, ағзаны шынықтыру және дене сымбатын сақтау тәсілдерін, күн тәртібін сақтауды үйренеді.

Коммуникативтік-тілдік дағдылар: тілдесу ережелерін: сөзсіз тілдесу құралдарын, сөйлесу әдебін, сөз тіркесі мен сөйлемдерді грамматикалық дұрыс құрастыруды,сөйлеуде таныс сөздердің күрделі түрлерін қолдануды, дыбыстарды анық, дұрыс, мәнерлеп айтуды, жіктеуді, дыбыстың шартты белгілерінің көмегімен буын мен сөз құрастыруды, сөзжасам дағдыларын, заттардың белгілері мен сапа ларына сүйене отырып, сөздің мағынасын түсіндіре және қолдана алуды, берілген тақырып, сурет бойынша жалаң және жайылма сөйлемдерді қолдана отырып, байланыстырып, бірізділікпен әңгіме құрастыруды, түрлі оқиғаларды мазмұндап айтуды, ертегілерді ойдан құрастыруды, ойында сөз және өлең ұйқастарын құрастыруға, көргеніне сүйене отырып, таныс шығармалардың мәтінін мазмұндауды, дыбыстарды айтуда және дыбыстық талдауда білімін қолдануды,төрт дыбысты сөздерге дыбыстық талдау жасауды, дыбыстарды сипаттауды үйренеді.

Танымдық дағдылар: адам өміріндегі маңызына және қолданылуына байланысты заттарды даярлау үшін пайдаланылатын материалдардың қасиеттері мен алуан түрлілігі туралы, қоршаған ортадағы объекетілердің ерекше және маңызды белгілерін бөліп көрсете отырып, олар туралы түсініктерді, жапсыру және сурет салу түрінде геометриялық пішіндерден шынайы және абстракциялық объектілердің қарапайым үлгілерін жасауды, болмашы ерекше белгілері бойынша жануарлар мен өсімдіктерді ажырата білуді, табиғат бұрышындағы мекендеушілерді күтіп-баптауды, күнделікті өмірдің жаңа жағдайларында қауіпсіздікті сақтауды, түрлі белгілері бойынша объектілерді жіктеуді, сөз арқылы кеңістіктік-уақыт қатынасын , қисынды ойлауды, нәтижеге жететін эксперимент әрекетіне мақсат қоя білуді, нәтижеге жетуді, алған ақпаратқа талдау жасауды, оны саналы түрде қолдануды үйренеді.

Шығармашылық дағдылар: музыкалық аспап сүйемелдейтін әуенді, регистр дыбысын ажырата алуды,балаларға арналған музыкалық аспапта ойнау барысында, ән айтқанда, билегенде минорлы және мажорлы дыбысталуды қабылдап, жаңғырта алуды, түрлі техникалық құралдарды өз бетінше қолдануды, жұмыстарды жаңа бөліктермен толықтыруды және әсемдеуді, қарастырған заттарының бояуының қанықтылығының  маңыздылығын, өнердің басқа түрлерінің түпмәтінінде өнер туындыларына алғашқы талдау жасауды үйренеді.

Әлеуметтік дағдылар: мінез-құлықтың адамгершілік нормаларын, әдеп, табиғаттағы өзін-өзі ұстау ережелерін, ересектермен бірлескен әрекетке жұмылуды,  пайдасын тигізуге және оған қанағаттануды, өзінің және басқа халықтардың әдептілік нормалары мен олардың құндылығын, түсіністік, төзімділік танытуды, әлеуметтік ортада өзара қарым-қатынас жасау біліктілігін, қоғамдық тәртіп сақтау дағидаларының коммуникативтік дағдыларын меңгереді.

 

Игілік  ауылының  негізгі орта мектебінің білім беру қызметтеріне қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында пайдаланылған мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналары үшін жүргізілген сауалнама нәтижесі

 

Мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өту шеңберінде мектепке дейінгі ұйымның ата-аналарын Telegram әлеуметтік желісі арқылы сауалнама алынды.

Сауалнама сұрақтары төмендегідей. Жауаптары  төрт  нұсқада болды. (толық келісемін, келісемін, келіспеймін, толық келіспеймін)

  1. Сіздің балаңыз балабақшаға қуана барады
  2. Топта баланың оқуы мен өмірі үшін қолайлы атмосфера бар
  3. Сіз топ тәрбиешілерінің қызметіне қанағаттанасыз
  4. Сіз мектепке дейінгі ұйымның басқа мамандарының (музыкалық жетекші, қазақ, орыс тілі педагогы, педагог-психолог, арнайы педагог)қызметіне қанағаттанасыз
  5. Мұғалімдер этика нормаларын, педагогикалық әдептілік пен балалармен қарым-қатынастағы әділеттілікті сақтайды
  6. Сіз балаңыздың дамуын байқайсыз ба?
  7. Мектепке дейінгі ұйымның оқыту және тәрбие жұмысы баланы мектепке дайындауға ықпал етеді
  8. Балалардың тамақтануы талапқа сай және мектеп жасына дейінгі балалар үшін теңдестірілген
  9. Сіз балаңыздың жетістіктері мен мінез құлқы туралы ақпараттандыру сапасына қанағаттанасыз
  10. Топ ата-аналарымен мектепке дейінгі ұйым мамандары: медицина қызметкері, психолог, қазақ немесе басқа тіл мұғалімі, музыка жетекшісі және т. б. балаңызды дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде консультациялық көмек көрсетіледі.
  11. Сіз балабақша жұмысын ұйымдастыруға қуаныштысыз
  12. Сіз мектепке дейінгі ұйымға материалдық көмек көрсетесіз бе
  13. Егер сіз жауаптардың кез келгенін түсіндіргіңіз келсе немесе мектепке дейінгі ұйым туралы түсініктеме қосқыңыз келсе немесе мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар бергіңіз келсе, мына жерді көрсетіңіз. Егер сізде шағымдар болса, сіз білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментіне жүгіне аласыз немесе осында көрсетіңіз.

Сауалнамаға ата-аналар толық қатысты, олардың жалпы саны 3, бұл мәлімделген санның 100% құрайды.        

 

Мектепке дейінгі ұйымдардың ата-аналары үшін жүргізілген сауалнама нәтижесі

Сұрақ

Сауалнама нәтижесі

Орташа балл

1.Сіздің балаңыз балабақшаға қуана барады

 

4

толық келісемін

42%

 

келісемін

50%

 

келіспеймін

8%

 

толық келіспеймін

0%

 

2.Топта баланың оқуы мен өмірі үшін қолайлы атмосфера бар

 

 

толық келісемін

38%

 

келісемін

54%

 

келіспеймін

8%

 

толық келіспеймін

0%

 

3.Сіз топ тәрбиешілерінің қызметіне қанағаттанасыз

 

 

толық келісемін

42%

 

келісемін

53%

 

келіспеймін

5%

 

толық келіспеймін

0%

 

4.Сіз мектепке дейінгі ұйымның басқа мамандарының (музыкалық жетекші, қазақ, орыс тілі педагогы, педагог-психолог, арнайы педагог)қызметіне қанағаттанасыз

 

 

толық келісемін

42%

 

келісемін

53%

 

келіспеймін

5%

 

толық келіспеймін

0%

 

5.Мұғалімдер этика нормаларын, педагогикалық әдептілік пен балалармен қарым-қатынастағы әділеттілікті сақтайды

 

 

толық келісемін

44%

 

келісемін

53%

 

келіспеймін

3%

 

толық келіспеймін

0%

 

6. Сіз балаңыздың дамуын байқайсыз ба

 

 

толық келісемін

39%

 

келісемін

56%

 

келіспеймін

5%

 

толық келіспеймін

0%

 

7. Мектепке дейінгі ұйымның оқыту және тәрбие жұмысы баланы мектепке дайындауға ықпал етеді

 

 

толық келісемін

42%

 

келісемін

47%

 

келіспеймін

11%

 

толық келіспеймін

0%

 

8. Балалардың тамақтануы талапқа сай және мектеп жасына дейінгі балалар үшін теңдестірілген

 

 

толық келісемін

38%

 

келісемін

53%

 

келіспеймін

8%

 

толық келіспеймін

0%

 

9. Сіз балаңыздың жетістіктері мен мінез құлқы туралы ақпараттандыру сапасына қанағаттанасыз

 

 

толық келісемін

36%

 

келісемін

58%

 

келіспеймін

6%

 

толық келіспеймін

0%

 

10. Топ ата-аналарымен мектепке дейінгі ұйым мамандары: медицина қызметкері, психолог, қазақ немесе басқа тіл мұғалімі, музыка жетекшісі және т. б. балаңызды дамыту, тәрбиелеу және оқыту мәселелерінде консультациялық көмек көрсетіледі.

 

 

толық келісемін

31%

 

келісемін

61%

 

келіспеймін

8%

 

толық келіспеймін

0%

 

11. Сіз балабақша жұмысын ұйымдастыруға қуаныштысыз

 

 

толық келісемін

36%

 

келісемін

53%

 

келіспеймін

11%

 

толық келіспеймін

0%

 

12. Сіз мектепке дейінгі ұйымға материалдық көмек көрсетесіз бе

 

 

толық келісемін

31%

 

келісемін

44%

 

келіспеймін

22%

 

толық келіспеймін

0%

 

13.Егер сіз жауаптардың кез келгенін түсіндіргіңіз келсе немесе мектепке дейінгі ұйым туралы түсініктеме қосқыңыз келсе немесе мектепке дейінгі ұйымның жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар бергіңіз келсе, мына жерді көрсетіңіз. Егер сізде шағымдар болса, сіз білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету Департаментіне жүгіне аласыз немесе осында көрсетіңіз.

45%

47%

8%

0%

 

 

      Сауалнама жүргізу кезінде сауалнамаға қатысқан ата-аналардың  пайызы 100% құрады.

     Сауалнама бойынша орташа пайыз ата- аналардың  сапалы оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасау деңгейіне  қанағаттанушылықты тікелей сипаттайтын сұрақтарға оң жауаптарының пайызын жауап берушілер санына бөлу жолымен есептелді және 100% немесе 4  баллды құрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 15.10.2024 11:15
Құрылған күні: 15.10.2024 11:15

Текст