Бекітемін
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі» КММ директоры
_______________ М.И.Жакупов
Келісемін
«Ақмола облысы білім басқарқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ
жетекшісі
________________Н.Р. Полюх
2022-2023 оқу жылына
«Ақмола облысы білім басқармасының
Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының
Ыбырай Алтынсарин атындағы
негізгі орта мектебі» КММ жанындағы
оқыту қазақ тіліндегі ( 3 жастан 5 жасқа дейінгі)
«Балдаурен» шағын-орталығы
жұмысының оқыту жоспары
2022-2023 оқу жылына
«Ақмола облысы білім басқармасының
Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының
Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі» КММ
жанындағы 3 жастан 5 жасқа дейінгі «Балдаурен» шағын-орталығы
жұмысының оқыту жоспарына.
Оқыту қазақ тілінде
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың жұмысының оқу жоспары
№ |
Ұйымдастырылған іс-әрекет |
Жас топтары |
|
ортаңғы топ (3 жастағы балалар) |
ересек топ (4 жастағы балалар) |
||
1 |
Дене шынықтыру |
аптасына үш рет |
аптасына үш рет |
Дене шынықтыру** |
күн сайын |
күн сайын |
|
2 |
Сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет |
күн сайын |
күн сайын |
Қазақ тілі |
аптасына бір рет |
аптасына бір рет |
|
Қазақ тілі *** |
күн сайын |
күн сайын |
|
3 |
Математика негіздері |
күн сайын |
күн сайын |
4 |
Қоршаған ортамен таныстыру |
күн сайын |
күн сайын |
5 |
Сурет салу |
күн сайын |
күн сайын |
Мүсіндеу |
күн сайын |
күн сайын |
|
Жапсыру |
күн сайын |
күн сайын |
|
Құрастыру |
күн сайын |
күн сайын |
|
6 |
Музыка |
аптасына бір рет |
аптасына екі рет |
Музыка**** |
күн сайын |
күн сайын |
|
7 |
Арнайы түзетуші іс- әрекет***** |
күн сайын |
күн сайын |
Мектепалды тобының жұмысының оқу жоспары
(5 жастағы балалар)
№ |
Ұйымдастырылған іс-әрекет*/ Балалардың іс-әрекеті |
Аптадағы өткізу жиілігі |
Аптадағы нормативтік жүктеме |
1 |
Дене шынықтыру |
|
3 сағат |
Дене шынықтыру** |
күн сайын |
|
|
2 |
Сөйлеуді дамыту |
|
2 сағат |
Көркем әдебиет |
|
2 сағат |
|
Қарым-қатынас іс-әрекеті |
күн сайын |
|
|
Қазақ тілі |
|
2 сағат |
|
Қазақ тілі*** |
күн сайын |
|
|
3 |
Сауат ашу негіздері |
|
3 сағат |
|
Қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет |
күн сайын |
|
4 |
Математика негіздері |
|
3 сағат |
|
Танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекеті |
күн сайын |
|
5 |
Қоршаған ортамен таныстыру |
|
2 сағат |
|
Қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекет, зерттеу іс- әрекеті, еңбек іс-әрекеті |
күн сайын |
|
6 |
Сурет салу |
|
1 сағат |
Мүсіндеу |
|||
Жапсыру |
|||
Құрастыру |
|||
|
Шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекеті |
күн сайын |
|
7 |
Музыка |
|
2 сағат |
Музыка**** |
күн сайын |
|
|
8 |
Барлығы |
|
20 сағат |
Ескерту:
*Ұйымдастырылған іс-әрекет - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның жұмыс бағытын ескере отырып, балаларды қазақ халқының ұлттық құндылықтарына, отбасылық құндылықтарға, патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілікке, мәдени- әлеуметттік нормаларға баулу, қауіпсіз мінез-құлық қағидаларын қалыптастыру бойынша міндеттерді іске асыру үшін күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы.
** Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінеді.
***Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде Үлгілік оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениетімен, салттары мен дәстүрлерімен таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылады.
****Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, шулы балалар аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінеді.
***** Арнайы түзетуші іс-әрекет арнайы мектепке дейінгі ұйымдарда, мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы топтарында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жүргізіледі.
2022 -2023 оқу жылына арналған
«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі орта мектебі» КММ жанындағы «Балдаурен» шағын орталығының
жұмыс оқу жоспарына түсіндірме жазба
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын іске асыру және 2022-2023 оқу жылын ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Игілік ауылының негізгі орта мектебі» КММ 2022 жылғы 15 тамыздағы №32 бұйрығына сәйкес «Білім беру ұйымдарында 2022-2023 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін анықтау туралы» жұмыс оқу жоспары әзірленді.
Жұмыс оқу жоспары Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде, ҚР оқу- ағарту Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бекітілген (1қосымша) және ҚР БҒМ 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен (2022 жылғы 9 қыркүйекте № 394 енгізілген өзгерістер мен толықтырулар) бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары негізінде құрылды және де шағын орталықта білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігін көрсетеді.
Жұмыс оқу жоспарының құрылымы мектеп жасына дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарының құрылымына сәйкес келеді.
Жұмыс оқу жоспарында ұйымдастырылған қызмет келесі жас топтары бойынша қарастырылған:
- ортаңғы топ - 3 жастағы балалар
- ересек топ - 4 жастағы балалар
- мектепалды топ - 5 жастағы балалар
Оқу процесін ұйымдастыру кезінде 2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды сыныптарында білім беру мен тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік – нұсқаулық хаттың негізгі ережелері қолданылады.
Балаларды мектепке дейінгі даярлаудың негізгі мақсаты жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оның мүдделерін, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, әрбір баланың әлеуетін тұтастай дамыту және ашу; тәрбиеленушілердің құқықтарын қорғау, өмірін қорғау, денсаулығын нығайту; тәрбиеленушілердің дене, зияткерлік, танымдық-сөйлеу, көркемдік-эстетикалық, шығармашылық қабілеттерін дамыту; балаларды Отанға, ана тіліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.