" Ы.Алтынсарин атындағы Игілік НМ" КММ бойынша бракераждық комиссиясының актісі
Біз төменде қол қойылған бракераждық комиссия мүшелері:
кәсіподақ комитетінің төрағасы- Лақай А.
шағын орталықтың медициналық қызметкері-Өмірұзақ А. Ө.
мектеп қамқоршылық кеңесінің төрағасы-Сыздыгалин А. Б.
директордың ТІЖ жөніндегі орынбасары- Хайдарова А. С.
ШБ меңгерушісі - Оразбеков Н.К.
мектеп аспазшысы- Кабденова Г. Д.
мектептің ас блогын бойынша тексеру актісін құрастырды.
Бракераждық комиссиясының мүшелері жүргізген тексеру актісіне сәйкес ас блогында тағам дайындау сапасы мектептің Сан ПИНа талаптарына сәйкес келетіні анықталды.:
- күн сайын мектептің мед.қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалауды жүргізеді, осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 3-нысанына сәйкес тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізеді.
Тамақтану сапасын мерзімді бағалауды бракераждық комиссия жүргізеді, оның құрамы медициналық қызметкер, әкімшілік, шаруашылық меңгерушісі және ата-аналар комитетінің өкілін міндетті түрде қоса отырып, объект басшысының бұйрығымен анықтады.п. 122
- күнделікті ас блогында аспазшы нақты мәзірге сәйкес дайын өнімнің тәуліктік сынамасын қалдырады. Сынамалар таза (қайнатумен өңделген ) қақпағы бар шыны ыдысқа алынады п. 123;
- объектіде екі апталық перспективалық маусымдық (жаз-күз, қыс-көктем) ас мәзірі жасалады. Ас мәзірін әзірлеу кезінде білім алушылардың мектепте болу ұзақтығы, олардың жас санатын ескереді, 104 т. дәруменді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін қарастырады.;
- күн сайын тамақтану залында басшы бекіткен ас мәзірі ілінеді, онда тағамның атауы, әрбір дайын тағамның шығуы көрсетіледі. Ас мәзірінде көрсетілген тағамдардың және аспаздық өнімдердің атаулары пайдаланылған рецептуралар жинағында көрсетілген олардың атауларына сәйкес болуы тиіс.;
- Тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын қабылдау олардың сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжаттар болған кезде, осы Санитариялық қағидаларға 9-қосымшаның 1-нысанына сәйкес тез бұзылатын тамақ өнімдері мен жартылай фабрикаттардың бракераж журналына деректерді енгізу арқылы жүзеге асырылады.
- тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі және сақтау шарттары өндіруші (дайындаушы) 117 т.белгілеген жарамдылық мерзіміне сәйкес келеді.
Бракераждық комиссия мүшелері:
Оразбекова Н. К. Лақай А.
Сыздыгалин А.Б Өмірұзақ А. Ө
Хайдарова А. С. Қабденова Г. Д.